СOVID-19: вирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылады

СOVID-19: вирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылады

СOVID-19: вирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылады
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында коронавирус тестінің нәтижесі оң болған адамдардың бәрі ауруханаға жатқызылатыны айтылды. Бұдан бөлек, «15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтау кезінде кезекші топтардан басқа мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады», – делінген қаулыда. Сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабылады, кафелерге сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бөлек тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан супермаркеттердің, дүкендер мен дәріханалардың жұмысына белгілі бір жағдайда рұқсат беріледі. Алматыда демалыс күндері сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынды. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жұмыс істемейді.