Келушілерге қорқор ұсынған тамақтану орындары айыппұл арқалайды
Келушілерге қорқор ұсынған тамақтану орындары айыппұл арқалайды
Ресейде келушілерге қорқор ұсынғаны үшін тамақтану орындарына айыппұл салынады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске (ӘҚБтК) тиісті түзетулер бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды ТАСС.
2020 жылдың күзінде темекіге қарсы заңға электронды темекі және қорқорды темекіге теңестіретін түзетулер күшіне енді. Кәдімгі темекі сияқты оларды да қоғамдық орындарда шегуге болмайды. 2021 жылғы 28 қаңтардан бастап осы түзетулер бойынша әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Енді тамақтану орындарында құрамында никотині бар өнімдерді шегу жеке кәсіпкерлер үшін 40 мың рубль, ал компаниялар үшін 90 мың рубль айыппұл салуға әкеліп соғады.
Сонымен қатар, темекі шегуге тыйым салынатыны туралы белгі болмағаны үшін де айыппұл салынады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының басшысы, Блохин атындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының бөлім меңгерушісі Давид Заридзе қорқор шегудің басты қаупін атаған болатын.