Сенатор Дана Нұржігіт Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне сауал жолдады

28 қаңтарда өткен Сенат отырысында депутат Дана Нұржігіт «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» жоба бойынша Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне сауал қойды.

«Ұсынылып отырған хаттама Армения Республикасындағы конституциялық өзгерістерге байланысты кедендік тексерістен босатылатын лауазымды қызмет иелерінің тізімін кеңейту, яғни  Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексінің 321-ші бабына өзерістер енгізіп отыр.

Алайда, заңжобасымен бірге ұсынылып отырған қосымша құжаттарда,  ұлттық заңнаманы ратификациядан өткелі отырған хаттамаға сейкестендіруге қатысты толық ақпараттар мен нақты ұсыныстар жоқ.

Сондай-ақ, хаттамада көрсетілген лауазымды қызмет иелері «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Заңының 406-шы бабының 2 тармағының 5) тармақшасында қарастырылған тізімге кірмей отыр.

Осыған орай жоба әзірлеушілерінен қаралып отырған заңжобасы бойынша қосымша ақпараттарды сұратуға мәжбүрміз.

Сұрақ:

– Ұлттық экономика министрлігі – осы тәрізді заңжобаларын әзірлеу барысында  халықаралық міндеттерді қабылдаудың ұлттық заңнамаға қатысты қатері мен әсері   болжана ма?  Әділет министрлігі – халықаралық шарттарды ратификациялау бойынша заң жобаларын  мазмұнды және сапалы әзірлеуді күшейтуге бағытталған шаралар қабылдау жоспарларыңызда бар ма? Өйткені Конституцияға сәйкес  дәл осындай халықаралық шарттар ұлттық заңдарымыздан басымдығы бар» деді Д.Нұржігіт.

Back to top button