Жаңалықтар

Наурызда азық-түлік бағасы 6,2% өскен

ашық дереккөзі

Наурызда азық-түлік бағасы 6,2% өскен

Алдынғы жылғы девальвацияның салдарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары күрт қымбаттап кетті. Экономикалық жағдайға байланысты орын алған баға тұрақсыздығына әкімшілік тәсілдермен қарсы тұрудың да пайдасы шамалы болып отыр. 2015 жылғы наурызда 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға айырмашылығы жармаларға 22,5%, ұнға – 14,3%, кофе, шай және какаоға – 10,6%, кондитерлік өнімдерге – 8,7%, сүт өнімдеріне – 8,3%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 8,1%, балық және теңіз өнімдеріне – 7,5%, нанға – 7,3%-ға, макарон өнімдеріне, алкогольді ішімдіктерге – 7%-дан, жемістер мен көкөністерге – 3,3%, май және тоң майға – 1,4%, қантқа – 0,5%-ға өсті деп хабарлайды статистика агенттігі. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3,9%-ды құраған. Ал керсінше құс етінің бағасы 2014 жылмен салыстырғанда 12%, шұжық өнімдеріне – 9,8%, шошқа етіне – 7,5%, жылқы етіне – 1,5%-ға жоғары болды, ал қой етіне – 0,4%-ға төмендеп отыр. Республика бойынша орташа баға деңгейі Астана, Алматы, Семей, Жезқазған қалалары, облыс орталықтары мен аудан орталықтарындағы азық-түлік құнымен анықталынып отыр.