Илон Маск Ердоғанмен келіссөз жүргізді

Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Келіссөздер сәрсенбі, 27 қаңтарда өтті, деп хабарлайды ТАСС түрік лидері кеңсесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оларр ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

«Келіссөздер барысында түрлі салалардағы, соның ішінде Түркияның мемлекеттік және жеке сектор компаниялары мен мекемелерімен ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды», — делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Илон Маск көмірқышқыл газын ұстап қалудың озық технологиясы үшін байқау жариялап, ең тиімді жоба ұсынушыға 100 миллион доллар төлеуге уәде берген еді.

Back to top button