Төлқұжатын жоғалтқан әйел 18 жыл түрмеде отырып шықты

Төлқұжатын жоғалтқан әйел 18 жыл түрмеде отырып шықты

Төлқұжатын жоғалтқан әйел 18 жыл түрмеде отырып шықты
ашық дереккөзі
Үндістанның Махараштра штатындағы Аурангабад қаласының тұрғыны Пәкістанға барып, төлқұжатын жоғалтқаны үшін 18 жылға түрмеге қамалды. Бұл туралы Times Now News хабарлады. 2003 жылы 65 жастағы Хасина Бегум күйеуінің туыстарына бару үшін Пәкістанның Лахор қаласына барады. Ол төлқұжатын жоғалтып алып, түрмеге түседі. Егде әйел өмірінің 18 жылын темір торда өткізді. Осы уақыт аралығында ол үнемі өзінің кінәсіз екенін айтып, бостандыққа шығаруларын өтінумен болды. Пәкістан билігі Бегумды тек Аурангабад полициясынан есеп алғаннан кейін ғана еркіндікке жіберу туралы шешім қабылдады. Есепте әйелдің қалада үйі бар екендігі және сол жерде тіркелгендігі көрсетілген. Полицияның мәліметінше, ол Үндістанның Сахаранпур қаласында (Уттар-Прадеш) тұратын Дильшад Ахмедке (Dilshad Ahmed) үйленген.  width= Әйел Пәкістан түрмесінен босатылып, Үнді билігіне тапсырылды. "Мен көптеген сынақтардан өттім, өз еліме оралғаннан кейін жан тыныштығын таптым. Қазір өзімді жұмақта жүргендей сезінемін. Мені Пәкістан түрмесінде күшпен ұстады", — дейді жазықсыз жазаланған әйел.