Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
ашық дереккөзі
Қаңтардың 28-і күні Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Батыс Сібірден тарайтын антициклон жотасы ықпал етеді. Соның салдарынан еліміздің шығысында бұрқасын болып, қар жауады.  Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында – шаңды дауыл болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Ақмола облысында – көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынмен бірге. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі.