Италияда дәрігер бос төсек-орын үшін коронавируспен ауырған пациенттерін өлтірген

Италияның Монтикьяри қаласындағы аурухананың жедел жәрдем бөлімінің басшысы Карла Москты тәртіп сақшылары қамауға алды. Ол бос төсек-орын үшін коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды REN.tv.

Тәртіп сақшылары дәрігердің кем дегенде екі науқасты өлтіргенін дәлелдеген.

Коронавирусқа шалдыққандар емделген аурухана дәрігерлерінің айтуынша, Моска медбикелерден емдеу хаттамасына кірмейтін күшті препараттарды талап еткен. Сондай-ақ, ол COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған науқастарымен жиі жалғыз қалатын болған.

Моска 2020 жылдың көктемінде 61 жастағы Натале Басси мен 80 жастағы Ангело Палеттиге пропофолдың өлімге әкелетін дозасын салған.

Әзірге полиция қылмыстың нақты себептерін анықтай алмады. Дәрігер бұл әдісті үмітсіз науқастар жатқан төсек-орындарды босату үшін қолданған деп болжайды. Сонымен қатар, Карл Москтың әріптестері ауыр жүктеме мен күйзеліске байланысты оның жүйке жүйесі сыр беруі мүмкін екенін айтады. Науқастар тарапынан ешқандай шағым болмаған.

Back to top button