Бір минут ішінде коронавирусты жоятын спрей жасалды

Бір минут ішінде коронавирусты жоятын спрей жасалды

Бір минут ішінде коронавирусты жоятын спрей жасалды
ашық дереккөзі
Түркиядағы Улудаг университетінің микробиологтары бір минут ішінде коронавирусты жоюға арналған Genoxyn мұрын спрейін жасады.  Genoxyn спрейін профессор Шехиме Гүлсүн Темель, доктор Ахмет Юмит Сабанжи және Гюнейт Озакин жасаған. Зертханалық жағдайда әзірленген препаратты сынау кезінде мұрын мен ауыз қуысында коронавирус жойылған. Спрейдің негізгі артықшылықтары -жылдамдық пен қауіпсіздік. Препараттың вируспен күресуіне 60 секунд жеткілікті. Инфекцияға қарсы алғашқы формула шамамен екі жыл бұрын жасалған. Қазіргі уақытта ол нанотехнологияларды қолдану арқылы жетілдірілген. Спрей тек COVID-19-ға ғана емес, сонымен қатар басқа вирустарға, бактериялар мен саңырауқұлақтарға да әсер етеді. Құралды зақымдалған тіндерді емдеу үшін қолдануға болады. Бастапқыда препараттың әсері жалпы вирустарға қарсы сыналған, ал пандемия басталғаннан кейін ғалымдар оны коронавирусқа қарсы қолданып, оң нәтиже алды.