Жаңалықтар

Túrkistan газетінің қызметкерлері «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

ашық дереккөзі

Túrkistan газетінің қызметкерлері «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

Túrkistan халықаралық газетінің қызметкерлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бекітуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. 28 қаңтар – Túrkistan халықаралық газетінің жарыққа шыққан күні қарсаңында басылымның бас редакторы Қуат Әуесбай және редакция қызметкерлері Бейбіт Тоқтарбай, Ахмет Өмірзақ, Арайлым Бимендиева аталған мәртебелі марапатқа ие болды. Айта кетейік, «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» Қазақтан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін тапсырылады.