«Nur Otan»-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды онлайн қабылдайды

«Nur Otan»-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды онлайн қабылдайды

«Nur Otan»-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды онлайн қабылдайды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастайды. Карантиндік шараларға байланысты олар онлайн пішінде ұйымдастырылатын болады. Атап айтқанда, 3 ақпанда – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 5 ақпанда – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 19 ақпанда – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, 24 ақпанда – Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, 25 ақпанда – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және 26 ақпанда – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек: 1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін); 2. Whatsapp 8700 800 4441 3. komek@nurotan.kz Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.