Ғалымдар коронавирустың басты жұмбағын ашты

АҚШ-тағы Йель университетінің ғалымдары әйелдерге қарағанда ер адамдардың коронавирустан көз жұму көрсеткіші неге 1,7 есе көп екенін түсіндірді. COVID-19 ауыр белгілерінің дамуындағы жыныстық айырмашылықтардың құпиясы Science журналында ашылды. 

Зерттеушілердің айтуынша, біріншіден, әйелдерде иммундық реакцияны реттейтін гендерге бай екі Х хромосомасы бар. Х хромосомаларының бірі гендердің дозалық компенсация механизмі нәтижесінде жойылғанымен, ДНҚ-ның бір бөлігі туа біткен иммундық жүйені белсенді күйге түсіре алады.

Сондай-ақ, әйелдерде ғана болатын эстроген гормоны қорғаныс рөлін атқарады, ол коронавирустың жасушаларға ену үшін қолданатын АСЕ2 рецепторын бұғаттай алады. Ал ерлердегі андроген гормондары вирустың жасушаларды жұқтыру қабілетін арттыруы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

60 жастан асқан ер адамдар SARS-CoV-2-ге алғашқы иммундық реакцияны жоғалта бастайды, бірақ оларда иммундық жүйенің басқа молекулаларынан шамадан тыс компенсаторлық реакция жиі байқалады, бұл цитокиндік дауыл деп аталатын өлімге әкелетін жүйелік қабынуға әкелуі мүмкін.

Back to top button