Алдағы аптада Жердің жанынан бес астероид ұшып өтеді

Алдағы жеті күн ішінде ғаламшарымыздың жанынан бес бірдей астероид ұшып өтеді. Бұл туралы NASA-ның Жерге жақын заттарды зерттеу орталығы хабарлады, деп жазады Ren.tv.

28 қаңтарда Жерден Айға дейін 5,5 дистанцияға тең қашықтықта (шамамен 2,2 миллион шақырым) ғаламшарымыздың жанынан 2021 BZ астероиды ұшып өтеді. Оның өлшемдері 29-дан 65 метрге дейін жетеді деп бағалануда. Ол Мәскеу уақытымен сағат 7.12-де Жерге ең жақын қашықтықта болады.

Тағы бір астероид 2021 AG7 Жердің жанынан 29 қаңтар күні ұшып өтеді. Оның өлшемдері 47-ден 110 метрге дейін жетеді. Мәскеу уақытымен 11.50-де ол Жерге жақындай түспек.

Сондай-ақ, дәл сол күні Мәскеу уақытымен 22.37-де 2021 AF7 астероиды Жерге жақын ұшып өтеді, оның өлшемдері 24-тен 53 метрге дейін жетпек.

Ал 2 ақпанда Жерге 2021 AL және 2021 BD3 астероидтары жақындайды. Олар шамамен Айға дейін 10 дистанцияға тең қашықтықта ұшады. Олардың ең кішісі (19-дан 43 метрге дейін) Жердің жанынан Мәскеу уақытымен 12.58-де, ал ең үлкені Мәскеу уақытымен 4.01-де ұшып өтеді. Оның өлшемі 67 метрге дейін жетуі мүмкін.

Back to top button