Жаңалықтар

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі тұтқындалды

ашық дереккөзі

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі тұтқындалды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті республиканың бұрынғы премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиевті тұтқындады. Бұл туралы  құқыққорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап "Sputnik Қырғызстан" хабарлады.  Басылымның мәліметінше, бұрынғы үкімет басшысы 26 қаңтарда жауап алуға шақырылды, содан кейін ол ұсталды. Оқиғаның себебі нақтыланбаған, саясаткерге қарсы қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны белгісіз. Бұған дейін қаржы полициясы Әбілғазиевке радиожиіліктерді төмендетілген бағамен сату туралы жанжалға байланысты елден шығуға тыйым салған болатын. 2020 жылғы мамырда қырғыз депутаты Жанар Ақаев министрлер кабинеті екі радиожиілікті төмендетілген бағамен заңсыз сатқанын мәлімдеді. Оның пікірінше, мәміле жайлы премьер-министрдің хабарсыз болуы мүмкін емес. Парламент мүшесі келтірілген залалды 5 миллиард сомға бағалады. Көп ұзамай Әбілғазиев тергеуге қысым жасады деген айыптан құтылу үшін қысқа мерзімді демалыс алды. 15 маусымда ол отставкаға кетті. Кейін Қырғызстанның Бас прокуратурасы тергеуді бастады. Мемлекеттік байланыс агенттігінде сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша бес адам, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұсталды.