YouTube Трамп аккаунтын бұғаттау мерзімін ұзартты

YouTube Трамп аккаунтын бұғаттау мерзімін ұзартты

YouTube Трамп аккаунтын бұғаттау мерзімін ұзартты
ашық дереккөзі
YouTube видеохостингі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа өзінің аккаунтында жаңа бейнелер жариялауға салынған тыйым мерзімін ұзартты. Бұғат қашан алынатыны белгісіз, деп хабарлайды Politico.  Шектеулер Трамптың жеке адвокаты Рудольф Джулианиге де әсер еткені атап өтілді. Оған платформада өз қызметін монетизациялауға тыйым салынды. 13 қаңтарда YouTube Трамптың аккаунтын кем дегенде бір аптаға уақытша бұғаттады және бұрынғы президенттің соңғы видеосын жойды. Видеохостинг әкімшілігінің ұйғарымынша, Трамп жариялаған материалдар "зорлық-зомбылықты қоздырды". Кейіннен тыйым тағы бір аптаға ұзартылды.