Карантин: Концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

27 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Карантин: Концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талаптар жеңілдетілді. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызметіне рұқсат берілді, – деп жазды ӨзА агенттігі. Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді. Сонымен қатар, осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 8:00-ден 23:00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.