Карантин: Концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талаптар жеңілдетілді. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызметіне рұқсат берілді, – деп жазды ӨзА агенттігі.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді.

  • Концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50 пайыздан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру;
  • Қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу;
  • Концерт залдарына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде маска тағуы керек.

Сонымен қатар, осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 8:00-ден 23:00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.

Back to top button