Шымкентте басқарма басшысы 10 жылға сотталды

Шымкентте басқарма басшысы 10 жылға сотталды

Шымкентте басқарма басшысы 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Шымкентте Сәулет және құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды. Жеңіс Байымбетов жарты миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын талан таражға салған деп айыпталып отыр. ҚазАқпараттың жазуынша, қомақты қаражат 2019 жылы қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізілген жерлерге топографиялық түсірілім жасауға бөлінген болатын. Шенеунік мемлекеттік сатып алу барысында арнайы лицензиясы жоқ мердігермен сөз байласып, қаражатты сол компанияға аудартып жіберген. Алайда атқарылған жұмыс жарамсыз деп танылған. Тергеу барысында айыпталушылар бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға аударып, өз пайдасына жаратып жүргені дәлелденді. Осы қылмысы үшін кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. «Мемлектеттік сатып алуды жүргізу барысында заң талабы бұзылған. Топографиялық түсірілім түсіруге ол заңды тұлғаның мемлекеттік лицензиясы болмаған. Соған қарамастан ол жеңімпаз деп танылған және келісімшарт түзілген. Осылайша олардың іс-әрекеті жалғасын тауып, нәтижесінде аталмыш жұмыстарды атқаруға бөлінген мемлекеттің 498 млн теңгесі талан таражға салынған, атқарылуы тиіс жұмыстың барлығы тиісінше орындалмаған. Сол себепті олардың әрекетін сот өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу, жымқыру деп бағалады. Сол бойынша тиісінше жаза белгіленді. Түпкілікті осы екі қылмыстың жиынтығымен Байымбетовке 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленді. Одан басқа ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айрылды», – деді судья Мадияр Абдрасилов.