22 мың адамға зейнетақы төлемін алуға рұқсат берілді

«Отбасы» банкінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: «Дәл қазіргі уақытта 22 300 адам БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемін алуға мақұлдама алды!», – делінген.

2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын пайдалануы үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан бастап елімізде зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды.

Back to top button