Желіде "Путин сарайын" бұзу туралы петиция пайда болды

Желіде "Путин сарайын" бұзу туралы петиция пайда болды

Желіде "Путин сарайын" бұзу туралы петиция пайда болды
ашық дереккөзі
Геленджик тұрғындары Краснодар өлкесінде салынған "Путин сарайын" бұзуды талап еткен петиция жариялады. Петиция Change.org сайтында жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үндеудің авторлары заңсыз құрылысты бұзуды, қала қазынасына айыппұл төлеуді, тікенді сым мен бетон қоршауды алып тастауды және демалуға келген барлық ресейліктерге орманға және жағажайға бару мүмкіндігін қайтаруды талап етті. Петицияда "Путин сарайы" салынған Геленджик маңындағы аумақта қандай да бір құрылыс салуға тыйым салынғаны айтылған, өйткені 1995 жылғы 23 ақпанда қабылданған заңға сәйкес бұл өлке тау-кен-санитарлық қорғаудың екінші аймағы. Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Алексей Навальныйдың Youtube каналында Қара теңіз жағалауындағы "Путин сарайы" туралы мәлімет жарияланды. Бейнежазба Навальный қамауға алынғаннан кейін шықты және үлкен резонанс тудырды. Бір апта ішінде ролик 90 миллионнан астам адам қараған.