Балғынбек Имашев: ...Қару алып соғысуға дайынмын

Балғынбек Имашев: ...Қару алып соғысуға дайынмын

Балғынбек Имашев: ...Қару алып соғысуға дайынмын
ашық дереккөзі
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында халықтың мүддесіне қарсы заңды қабылдауға қарсы екенін жазды.
– Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр. Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш демекші, көршінің шуы бізге естілмей, жаңғырық бермей қалмайды. Ендеше, етек-жеңді қымтап, толғақты мәселерді шешуді тездетіп қолға алу қажет. Қазақ көшелі халық болған соң көшеге шығару оңай емес. Парламент сайлауы ма, Президент сайлауы ма, бізге аса маңызды емес. Бірақ, дәл мына мәселелерде қазақ баласын үйінде отырғызу да мүмкін болмай қалады: 1. Жер дауы (ол жерді шетелдіктерге сату ма, жалға беру ма, көрші елдер тарапынан агрессия ма, ұлтаралық кикілжің т.б.) 2. Жесір дауы (отбасы құндылығы, бала, жыныстық гендерлік саясат, вакцинация т.б) Егер шын халықтың жоғын жоқтасаңыздар, халыққа жақындаймыз, халық үнін еститін боламыз десеңіздер, ең әуелі, Ата Заңдағы тіл туралы бапты дұрыстаңыздар! Одан кейін халықтың мүддесіне қайшы заңдарды қабылдау түгілі талқылауды тоқтатыңыздар. Тіл түзелмей діл түзелмейді, Дін түзелмей дым түзелмейді, – деді Балғынбек Имашев.
Айтыскер көтерген мәселелерге байланысты желі қолданушылары Балғынбек Имашевтан «Нақты айтыңызшы, көшеге шығасыз ба?» деп сұрады. Бұл сұраққа айтыскер:
«Осы заң қабылданса, өзім ғана емес, елді үгіттеп, өзім бастап шығам. Жер сатылса, вакцинацияны мәжбүрлесе, қазақ жеріне біреу қол сұқса, көше түгілі, қару алып соғысуға дайынмын, – деп жауап берді.