Түркіменстанда президентті сайлауда жас шектеуі алынып тасталды

Түркіменстанда президентті сайлауда жас шектеуі алынып тасталды

Түркіменстанда президентті сайлауда жас шектеуі алынып тасталды
ашық дереккөзі
Түркіменстан парламенті президент сайлауына түсу үшін жас шектеуін алып тастайтын және президент мерзімі бес жылдан жеті жылға дейін ұзартатын елдің жаңа Конституциясын қабылдады. Оған сәрсенбі күні таңертең Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов қол қойды.
2008 жылы қабылданған Конституцияда президенттік сайлауға жасы 70-тен аспайтын ел азаматы түсе алады делінген. Ата заңның жаңа редакциясында бұл шектеу алынып тасталған. Түркіменстанда кезекті президент сайлауы 2017 жылы жоспарланған. Түркіменстанның қазіргі президенті 59 жастағы Гурбангулы Бердымухамедов 2007 жылдан бері билікте. 2012 жылы екінші мерзімге қайта сайланды. ЕҚЫҰ Конституцияға енгізілген кейбір өзгерістерді құптады. Атап айтқанда, әділетті сотқа кепілдік беру. Бірақ халықаралық ұйым "діни немесе ұлттық пиғылдағы партияларға тыйым салу" деген бапты сынға алды. Сонымен бірге президенттің өкілетті мерзімін ұзартпау жөнінде кеңес берді деп хабарлайды "Немецкая волна". Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Түркіменстанды әлемдегі репрессиялық режимдердің бірі деп санайды.