Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады

Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады

Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады
ашық дереккөзі
Алматы қаласында бюджет есебінен учаскелік инспекторлар үшін өздеріне бекітілген аумақта баспана сатып алынады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ішкі істер органдарын реформалауды жүзеге асыруда учаскелік полиция инспекторларының және «полиция жақын маңда» қағидатының маңызды рөлін атап өткен болатын. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында біз әкімдікпен бірлесіп, учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдірудің үшжылдық жоспарын жасадық. Онда учаскелік полиция пунктері үшін 51 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алу және толық жабдықтау қарастырылған. Оның 16-сы тұрғын үймен біріктірілген, соның ішінде учаскелік полиция пунктері үшін жалға алынған 28 үйді сатып алу бар. Осылайша, учаскелік полиция инспекторлары өздерінің қызмет көрсетілетін әкімшілік аймағында тұратын болады – бұл бірінші кезекте тұрғындарға ыңғайлы және полиция қызметкерінің жұмыс тиімділігіне оң әсер етеді. Қазіргі уақытта әкімнің бекітуіне ұсыну үшін есептеулер жүргізіліп жатыр. Содан кейін жоспарды іске асыруға кірісеміз», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. Жалпы, қалада қоғамдық тәртіпті қорғауға 550 мың патрульдік полиция, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 2 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылған. «Былтыр қоғамдық тәртіпті қорғау барысында 164 қылмыстың беті ашылды, 11 429 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», – деді Қанат Таймерденов.