Президент «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқулық даярлауды тапсырды

Президент «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқулық даярлауды тапсырды

Президент «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқулық даярлауды тапсырды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды. «Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы керек. Әлемдік тенденцияны ескере отырып, математика, тіл, информатика секілді басымдықты пәндерге ерекше мән берген жөн. Оқулықтар сапасы бойынша көтеріліп жүрген мәселелер бар», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. «Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға ешбір бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлап, енгізуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент 900 мыңға жуық бала 11 мың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбеленіп жатқанын атап өтті. Алайда оның ішінде 36 пайызында кәріз жүйесі жоқ, 29 пайызы ыстық сумен және 11 пайызы жылы дәретханамен қамтамасыз етілмеген. «Осыған назар аударыңыздар, барлық әкімдер бұл мәселені қадағалауы тиіс», – деді Қ. Тоқаев.