Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев
ашық дереккөзі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Қазіргі ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне ерекше тоқталған Мемлекет басшысы: «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі тиіс. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуді тапсырамын», – деді. Сонымен қатар Президент отандық вакцинаны тестілеудің оңтайлы нәтижесіне сенім артатынын атап өтті. «Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», – деді Президент.