Мемлекет басшысы баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

Мемлекет басшысы баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

Мемлекет басшысы  баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру тапсырмасы жүзеге асырылуға жақындап қалғанын атап өтіп, енді тұрғын үй төңірегіндегі дүрбелең мен баға өсімін ұстап тұруға бағытталған нақты шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аудартты. «Қазір бұл жайында барлық жерде жазып, жылжымайтын мүлік бағасының көтерілу тенденциясы байқалғанын айтуда. Мемлекеттік органдар халықпен және құрылысшылармен түсіндіру жұмысын жүргізгені маңызды. Нарықтағы алаяқтық операцияларды шектеу қажет», – деді ҚР Президенті.