Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты
ашық дереккөзі

Пессимистік сценарий бойынша елімізде күн сайын коронавирус жұқтырудың тоғыз мың дерегі тіркелген жағдайда карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрі осы жылдың соңына дейін эпидемологиялық ахуалдың дамуына болжам жасады. "Қазіргі шектеу шаралары сақталған жағдайда, коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне үш мың адам індетке шалдығады, төсек-орын қоры 24 мыңға дейін толады", -  деді Цой үкіметтің кеңейтілген отырысында. Ал пессимистік сценарий бойынша тәулігіне тоғыз мың науқас тіркеледі. Ауруханаларда төсек-орын қорының 45 мыңы толады. "Денсаулық сақтау саласына салмақ түсірмес үшін карантин шаралары қатаңдатылуы мүмкін", деді министр. Алексей Цой бірінші ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталатынын еске салды. Вакцинациялау екпенің түсуіне қарай кезең-кезеңмен іске асырылмақ.Жыл соңына дейін алты миллион қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр. Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1266 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны  179 720-ға жетті. Вирустан көз жұмғандар саны арта түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан үш адам қайтыс болды.