Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып, мерт қылды
Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып, мерт қылды
Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бүгін, 26 қаңтар күні таңертең О.Жандосов пен Ә.Кекілбайұлы (Каблуков) көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты шамамен сағат 08.00-де болған. ЛиАЗ автобусының 32 жастағы жүргізушісі О.Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып Ә. Кекілбайұлы көшесінің қиылысында жолды кесіп өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кетті.
«Жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деді Алматы қалалық ПД өкілі Олжас Шәріпов. Оның айтуынша, жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Апат болған жерден 300 метр қашықтықта жер асты өткелі болған.