Тұрғын үй құрылысы: Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орынға шықты

Тұрғын үй құрылысы: Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орынға шықты

Тұрғын үй құрылысы: Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орынға шықты
ашық дереккөзі
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй құрылысы саласында 1-ші орында, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, былтыр Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші жан басына шаққанда 0,81 шаршы метрге жетті. «Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және ол экономикалық дамыған елдердің деңгейіне жақындады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейде - 0,56 шаршы метр, Беларусь елінде - 0,45 шаршы метр, ал Өзбекстанда - бір адамға 0,36 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген», делінген хабаралмада. Бұл көрсеткіш 2019 жылдан бастап өлшеніп келеді және Қазақстан екінші жыл қатарынан ТМД елдері арасында көшбасшы болды. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының шеңберінде халыққа қолайлы тұрмыс жағдайын жасау, тұрғын үй қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттары», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы бағдарламаның барлық қаржыландыру көздерінен бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі тапсырма аясында рекорд 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 16,8% артық.