«Жарқыраған мың күн» кітабы  2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді

«Жарқыраған мың күн» кітабы  2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді

«Жарқыраған мың күн» кітабы   2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді
ашық дереккөзі
«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін танымал ету, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-патриоттық тәрбие беру. Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды. «Аударма» номинациясында «Фолиант» баспасынан жарық көрген  Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» кітабы бар. Аталған кітапты халықаралық, республикалық жыр додаларының жүлдегері, ақын Төлеген Меллат аударған. Роман соңғы жарты ғасырда әлем назарын аударған ауған елінің ашық та тұңғиық өмір шындығын, тыныс-тіршілігін боямасыз бейнелейді. Соғыс өрті толастамаған, қараңғылық пен надандық үстемдік құрған қоғамдағы адам тағдыры мен әйелдер өмірін, махаббаттың мұң-наласын айшықты тілмен анық жеткізеді. Оқиға Ауғанстандағы 20-ғасырдың екінші жартысындағы азаматтық соғыс төңірегінде өрбиді. Автор соғысты әйелдер және аналар көзімен көрсетеді. Халед Хосейни шығыс мемлекетінің тұрмыс-тіршілігімен, тұрғындарының тағдырымен таныстырады. Адамдарының армандары мен қорқыныштарын, үміттері мен қасіретін баяндайды. Мінездері мен әлеуметтік жағдайлары әртүрлі, қасіреті мен мұңы бір екі әйелдің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды. Мәриям –  бай кәсіпкердің 15 жасында күштеп тұрмысқа шығарылған некесіз қызы. Лейлә – зиялы отбасында дүниеге келіп, жоғарғы білім алуды армандаған бақытты қыз. Соғыс атты зұлым күш екі тағдырды бір арнаға тоғыстырады. Ортақ қасірет негізінде құрылған достық та бар туындыда. Соғыс азаптарымен бірге, отбасындағы зорлық-зомбылық, мұсылман әйелдерінің құқықтары мен бостандықтары тақырыбы қозғалады. «Жарқыраған мың күн» әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген. Автор алғашқы екі кітабын жазғаны үшін 2008 жылы «Әлемдегі ең ықпалды жүз тұлға» тізіміне енген.