Әлемде гауһарға сұраныс артты

Әлемде гауһарға сұраныс артты

Әлемде гауһарға сұраныс артты
ашық дереккөзі
Әлемде бірнеше жыл тоқыраудан кейін гауһар сатылымының тез қалпына келуі байқалады, деп хабарлайды Bloomberg.  Басылымның мәліметінше, De Beers тау-кен компаниясы шикі алмаз шикізатын жеткізу бойынша 600 миллион долларға келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр. "Мәміле алмаз шикізатының соңғы үш жылдағы ең ірі аукционына айналуы мүмкін", - деп болжайды сарапшылар. De Beers бағаны 5% көтергеніне қарамастан, тастарға сұраныс төмендемегені атап өтілді. Осы жылдың бірінші тоқсанында алмаз шикізатына тең сұраныс тенденциясы сақталады деп күтілуде. "Демек, нарық қатысушылары Еуропадағы жаңа жылдық мерекелер мен Қытайдағы алдағы жаңа жылға байланысты бос қалған қорларын толықтыруға тырысады",-деп жазады Bloomberg. Басылым атап өткендей, пандемия бұл саланың дамуына жағымды әсер етті. Егер 2020 жылға дейін адамдар бос қаражаттың көп бөлігін саяхаттарға, мейрамханаларға, ірі сатып алуларға жұмсаса, карантиндік шектеулер тұтынушылардың қалауын өзгертіп,  гауһарға сұранысты арттырды. Дегенмен Bloomberg бұл саладағы қазіргі өсім тұрақты болатынына сенімсіздік танытты, өйткені кейбір нарық қатысушылары 2021 жылы құлдыраудан қорқады.