Жаңалықтар

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар көбейді

ашық дереккөзі

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте қанша адам көз жұмғанын хабарлады. Өткен тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан үш адам қайтыс болды. 1266 адам вирус жұқтырса, 8 қазақстандықта пневмония диагнозы расталды. Министрліктің мәліметінше, 26 қаңтардағы жағдай бойынша, 27 134 адам короновирус инфекциясынан (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың арасында 285 адамның жағдайы ауыр, 43 пациент хәл үстінде жатыр, 41 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Жалпы пандемия басталғалы 179 720 адамнан коронавирус анықталды, соның ішінде 2 495 науқас көз жұмды. Ал бірінші тамыздан бері 47 445 адам пневмонияға шалдықты, 558-і қайтыс болды.