69 млн теңге: Дүкеннен сәбіз сатып алған жігіт аяқ астынан байып кетті

69 млн теңге: Дүкеннен сәбіз сатып алған жігіт аяқ астынан байып кетті

69 млн теңге: Дүкеннен сәбіз сатып алған жігіт аяқ астынан байып кетті
ашық дереккөзі
Ұлыбританияда көкөніс сатып алған ер адам кенеттен байып шыға келді. Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Сүйіктісі Трейсимен бірге тамақ әзірлемек болған Мартин Гилби үйде сәбіз бітіп қалғанын біліп, бірден дүкенге барған. Ол дүкенде банк картасымен төлем жасаған кезде кассадағылар ең азы үш фунт стерлингке (1730 теңге) сауда жасау керектігін айтады. Сатушы жетпей тұрған сомаға лоторея билетін алуды ұсынған. Ер адам үйіне оралып, тамақтанып, жатып қалады. Тек таңертең ғана сатып алған лотореясы есіне түсіп, билетті тексеріп көреді. Ол билет тексеруге арналған арнайы қосымшаны жүктеп, тексерген сәтте есінен танып қала жаздайды. Хабарламада Гилбидің 119 151 фунт стерлинг (68,7 млн теңге) ұтып алғаны көрсетілген. "Мен ұтқаныма сенбей, билетті қайта тексердім. Артынша қосымшаны өшіріп, қайта жүктеп, тағы тексердім", - дейді олжаға кенелген жігіт. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыған ер адам туралы жазған болатынбыз.