Жаңалықтар

COVID-19: Ғалым вакцинациялаудың шекті жасын атады

ашық дереккөзі

COVID-19: Ғалым вакцинациялаудың шекті жасын атады

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның шекті жасы — 80-85 жас. Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Медициналық-генетикалық ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері Анча Баранова Lenta.ru-ға берген сұхбатында осылай мәлімдеді.  "Менің ойымша, 65-80 жастағы топқа вакцинация қажет. Ал 80 және 85 жас арасындағыларға салу керек пе, жоқ па — шешім қабылдау керек. Шешім денсаулықтың негізгі жағдайына негізделуі керек. Ал 85 жастан асқандардың көпшілігі үшін вакцинация іс жүзінде мағынасыз", — деді Баранова. Ол мұндай шектеулер егде жастағы адамдарға егу қаупінің жоғарылауымен емес, оның орындылығымен байланысты екенін атап өтті. "Көптеген өндірушілер вакцинаны 65+ тобында сынап көрді, тиімді екені дәлелденді. Сонымен барлығы тынышталып қалды. Бірақ егде адамдардың жасы маңызды. Адам неғұрлым үлкен болса, оның иммундық жүйесі соғұрлым нашар жұмыс істейді", — деп түсіндірді ғалым.