WhatsApp мессенджері қаңтар айының басынан бері 30 миллионнан астам қолданушысын жоғалтқан. Бұл туралды The Guardian хабарлады.
Басылым дерегінше, бұған қолданушылардың қосымшаның жаңартылған нұсқасына көңілі толмауы себеп.
WhatsApp-тағы жаңашылдықтарды қолдай қоймаған қолданушылар Signal және Telegram-ға көше бастаған. Британ үкіметі комитетінің бағалауынша, үш аптаның ішінде Signal-ды қолданушылар саны 7,5 миллион адамға артса, Telegram-ға 25 млн адам қосылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Telegram мессенджері жүктеу саны бойынша АҚШ-та екінші орынға шыққанын хабарлағанбыз. Мессенджердің сұранысы Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты бұғатталғаннан кейін өсе бастады.