Жаңалықтар

Көкшетаулықтар вакцинацияға қарсылық білдіріп алаңға шықты

ашық дереккөзі

Көкшетаулықтар вакцинацияға қарсылық білдіріп алаңға шықты

Көкшетау қаласының тұрғындары алаңға жиналып, жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсылық білдірді. Онымен қоса бейнеүндеу түсірген. Видео әлеуметтік желіде "Көкшетауда митинг басталды" деп тараған. Алаңға шамамен 50 адам шыққан. "Бұл мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат басқармасының басшысы, Көкшетау әкімінің орынбасары және құқық қорғау органдарының басшы қатысты", - деп түсіндірді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.