Денесін бөлшектеген: Атырау облысында өз туысын өлтірген мұғалім келіншек ұсталды
Денесін бөлшектеген: Атырау облысында өз туысын өлтірген мұғалім келіншек ұсталды
Әлеуметтік желіде жазда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында өз туысын өлтіріп, денесін ауладағы сарайда сақтаған мұғалім келіншек туралы ақпарат тарады, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, аула мен үйден, келіншектің өзінен шыққан жағымсыз иіс көршілердің күдігін тудыра бастаған. Оқиға орнына келген полицейлер жеткенше әйел мәйітті бөлшектеп, үлкен сөмкеге тығып үлгерген.
Полиция департаменті бұл оқиғаның егжей-тегжейін түсіндіріп, әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.
"Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деп қысқа қайырды департаменттегілер.