Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын пайдалану: Порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек?

ашық дереккөзі

Зейнетақы жинағын пайдалану: Порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек?

«Отбасы» банкі enpf-otbasy.kz онлайн-платформасының жұмысын түсіндірді. «Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: 1. Егер қажет сома «0» деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады; 2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе. Мысалы, «1.000.000» немесе «1000000,00» түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз «1000000» немесе «1234567» түрінде көрсету керек», - делінген банктің желідегі парақшасында. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек. ⠀ Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады. Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс – шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді.