Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды
Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды
Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан айрылды.
Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме басшысы әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де вакцина алуға шақырған. Алайда 7 бірдей қызметкер екпе салдырудан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген.
Елде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жұмыстары желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзі 25 мыңдай тұрғынға салынып үлгерген.
Айта кетейік, пандемия басталғалы Германияда 2,15 млн адамнан коронавирус анықталды. Елде індеттен 52 мыңнан астам адам қайтыс болды.