Жаңалықтар

SpaceX орбитаға жіберілген спутниктер саны бойынша рекорд жаңартты

ашық дереккөзі

SpaceX орбитаға жіберілген спутниктер саны бойынша рекорд жаңартты

SpaceX компаниясы спутниктердің рекордтық көрсеткіші – 143 аппараты бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұдан бұрынғы рекорд 2017 жылы Үндістанда тіркелген еді. SpaceX тек 10 Starlink байланыс спутнигін, SpaceX интернет-байланыс жобасын іске қосты. SuperDove 48 аппараты Жер бетін түсіретін Planet компаниясына тиесілі. Сондай-ақ зымыран Swarm Technologies компаниясының 36 шағын спутнигін шығарады. БАҚ-тың хабарлауынша, салмағы 200 келі болатын спутникті ұшыру құны – бір миллион доллар. SpaceX осындай ұшыруларды төрт айда бір рет жүзеге асыруды жоспарлап отыр.