Жаңалықтар

Бауыржан Байбек «Jas Otan» мен жас депутаттарға жүктелетін міндеттерге тоқталды

ашық дереккөзі

Бауыржан Байбек «Jas Otan» мен жас депутаттарға жүктелетін міндеттерге тоқталды

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Орталық кеңесінің отырысында Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan»-ның жастар қанатының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгінде «Jas Otan» – 20 жылдық тарихы бар жай ғана жастар ұйымы емес, маңына 35 жасқа дейінгі 100 мыңнан астам белсенді қазақстандықты топтастырған ірі бірлестік. Дамыған өңірлік инфрақұрылымы, заң шығарушы және барлық деңгейдегі өкілді органдарда депутаттық корпусы бар іргелі ұйым. Осы сайлауда «Nur Otan» партиясы жастарға жүйелі қолдау көрсетті, олардың өкілдері штаб мүшелерімен бірге белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, барлық дерлік сайлауалды іс-шараларға қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша Елбасы белгілеген квотаның арқасында біздің партиядан барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жас депутаттардың саны 3 есе, яғни 7-ден 23%-ке дейін артты. Осылайша, 2701 нұротандық депутаттың 616-сы – жастар өкілдері болды. Олар 6 миллионнан астам қазақстандық жастардың мүддесін білдіретін болады», – деп жазды Б.Байбек.