Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды
ашық дереккөзі
Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл – қалалық әкімдіктің бастамасы. «Бейнекамераларды орнатудағы басты себеп – бұзақылықтың алдын алу. Осылайша жерге қоқыс тастағандарды, аялдама павильонын сындырғандарды анықтаймыз. Бейнебақылау камералары IKOMEK -109 жедел әрекет ету орталығымен байланыстырылған», – дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Руфия Мұстафина. Өткен аптада облыс орталығының Новопавловка кентінде үш жігіт әйнектен жасалған аялдаманы қиратқан. Бұл аялдама павильондарының әрқайсы 400 мың теңге шамасында тұрады. Бұзақылар бейнекамералардың көмегімен анықталды.