Бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырған азаматтардың үстінен қылмыстық іc қозғалды

Бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырған азаматтардың үстінен қылмыстық іc қозғалды

Бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырған азаматтардың үстінен қылмыстық іc қозғалды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда жас жігіттер бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Елорда тұрғыны Эльмира Баекешева түнде болған атыс туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. «Түннің бір уақытында сыртта атыстың дауысы естілді, терезеге жүгіріп келдім, жаппай төбелес болып жатты. Бірі қансырап жатыр. Бір топ жігіт Сембинов көшесіне қарай қашты. Зардап шеккендердің бар екенін көрген соң полиция мен жедел жәрдем шақырдым. 1 минуттан кейін жараланғандарды көлікке мінгізіп, алып кетті. Шу болған соң қарсы беттегі үйден адамдардан шықты. Полиция келген кезде жолда қан ізі ғана қалды», – деп жазды ол «Интересная жизнь Астаны» тобында. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 24 қаңтарға қараған түнде 109 нөміріне сағат 01.09-да қалалық ауруханаға 19 және 23 жастағы екі ер адам оқ жарақатымен түскені туралы хабарлама келген. «Бұл дерек бойынша бұрыннан таныс адамдар арасында қыз үшін дау туып, атыс болғаны анықталды. Төбелесте болғандардың бәрі «Байқоңыр» ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр», – деді Полицияның департаменті.