Аяз күшейеді: 10 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет

Аяз күшейеді: 10 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет

Аяз күшейеді: 10 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Бүгін, қаңтардың 25-і күні, еліміздің басым бөлігінде күн суытып, көктайғақ болады, тұман түсіп, аяз күшейеді, – деп хабарлады Қазгидромет. 25 қаңтарда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 25-28 қаңтарда Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ға жетеді. Тараз қаласында 25-28 қаңтарда кей уақытта тұман болады. 25 қаңтарда Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерде 15-20 м/с болады. 25 қантар түнде кей жерде 35 градус қатты аяз болады. 25 қаңтарда Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді жетеді. 25 қаңтар түнде Шығыс Қазақстан облысында -28-33, кей жерде -40 градус аяз күтіледі, жаяу бұрқасын, тұман болады.