Жаңалықтар

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді

ашық дереккөзі

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді

23 қаңтарда [Ресей оппозиционері] Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нью-Йорктегі Таймс-скверде көптеген адам ту және плакат ұстап, оның ішінде Қазақстан туын көтеріп жиналды (видео). "Көп адам шықты. Навальныйды, саяси тұтқындарды қолдау үшін жиналды. Ту, плакат ұстап жаяу жүрдік. Адамдар кімде ең креатив плакат деп жарысып келеді. Акцияға тек ресейліктер емес, орыстілді азаматтар қатысып жатыр. Мұнда беларусиялықтар да бар, Қазақстан туы да көрініп тұр. Осының алдында беларусиялықтарды қалай қолдаса, қазір де тура солай болып жатыр", - деді E1.RU басылымына Екатеринбург тумасы Дмитрий Ланге.