Жаңалықтар

Балғынбек Алексей Цойды қарғап тастады

ашық дереккөзі

Балғынбек Алексей Цойды қарғап тастады

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың көктемде коронавирустың елімізде таралу ауқымы жайлы болжамына қарғыспен қарсылық білдірді. Ақын өзінің Instagram парақшасында «Қой үстіне бозторғай, Цой жағына жылан жұмыртқаласын!» деген жыр жолдарын қалдырды. Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркеліп, ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін. Бұл сценарий кезінде қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ. Ал реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам вирус жұқтырады деген болжам бар», — деген болатын. Бұл болжамды ұнатпаған Балғынбек Имашев төмендегі жыр жолдарын жариялады.