Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен саниталық эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. А.Көлгіновтің мәліметінше, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыру үшін 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Әңгіме барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.