Әлия Назарбаева: Барлығына бірдей көмектесе алмаймын
Әлия Назарбаева Instagram-ға көмек сұрап, өтініш білдіріп жазатын адамдар туралы айтты.
Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым!
⠀
Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады!
⠀
Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамдардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын.
⠀
Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!
⠀
Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз.
⠀
Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу!
⠀
Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену! - деді Әлия Назарбаева.
⠀