Этникалық қазақтар қандас мәртебесін сирек ала бастаған

Этникалық қазақтар қандас мәртебесін сирек ала бастаған

Этникалық қазақтар қандас мәртебесін сирек ала бастаған
ашық дереккөзі
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға қоныс аударған 13 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл 2019 жылға қарағанда 4 мың адамға аз, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы оралмандар мәртебесін (2020 жылдың мамыр айында "оралман" термині ресми түрде "қандас" деп ауыстырылды) 17,7 мың этникалық қазақ алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 70 мың қандасымыз атажұртқа оралды.