Индонезиядағы Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

Индонезиядағы Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

Индонезиядағы Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды
ашық дереккөзі
9 қаңтарда апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қозғалтқышты басқару жүйесінің бұзылуына байланысты құлауы мүмкін. Бұған Boeing 737-нің қара жәшіктерінің бірінен алынған деректер дәлел, деп хабарлайды Wall Street Journal. Тергеу болжамынша, ұшудан кейін қозғалтқыштардың біреуі жұмыс істеген кезде отын мен тартқышты автоматты түрде реттейтін жүйеде ақаулар пайда болған. Ұшқыштың бұл түйткілді жою туралы шешімі апатқа әкеліп соқты. Ол нұсқаулық бойынша бір қозғалтқышпен ұшуды жалғастыра алатын еді. Алайда бұл қозғалтқыш жүктемесіндегі теңгерімсіздікке әкеліп, ұшақты басқаруды қиындатуы мүмкін дейді мамандар. Соңғы тұжырымдар екінші борттық жазғыштың мәліметтерін ашқаннан кейін жасалады. Авиакомпанияның өкілдері тергеу материалдарында келтірілген болжамдарға қатысты әлі түсінік берген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Джакартадан Понтианакқа бағыт алған Boeing 737-нің бортында 59 адам болған, олардың ішінде алтауы - бала. Сукарно-Хатта халықаралық әуежайынан шамамен 11 миль (20 км) қашықтықта болған кезде ұшақпен байланыс жоғалды.  Ұшақ әуелі 11000 фут биіктікке көтерілген, бірақ кенеттен биіктігі мен жылдамдығы күрт төмендей бастаған. Кейінірек ұшақтың суға құлағаны расталды. Ұшақ апатының орнынан лайнердің сынықтары мен қаза болғандардың дене бөліктері табылды.